Алматылық әйел шетелге оқуға жіберемін деп 7 адамды алдап кеткен
Алматылық әйел шетелге оқуға жіберемін деп 7 адамды алдап кеткен
326
оқылды
Алматыда әйел 7 адамды шетелге оқуға жіберуге уәде етіп, алдап кеткен.
Алматы қалалық полициясы тергеу жұмыстарын бастады. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі бойынша тіркелгенін хабарлайды.
"Полицияға ресми арызбен 7 адам жүгінген. Ықтимал эпизодтарды жоққа шығармаймыз. Қазіргі таңда істің объективті мән-жайларын анықтап, кінәлілерді жауапкершілікке тартуға бағытталған кешенді жедел және тергеу шаралары жүргізілуде", –. деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.