Ересектердің қай-қайсысы болсын, жеміс-жидектің денсаулыққа пайдалы екенін жақсы біледі. Алайда осыны түсінетін жасөспірім бар ма?
Зерттеу бойынша, олардың үштен бірі ғана жеміс-жидекті рационынан үзбейді екен. Атап айтсақ, балалардың 38 пайызы жеміс-жидек жесе, 43 пайызы көкөністі тұтынады. Бұл зерттеуді Денсаулық сақтау министрлігі мен Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Ұлттық денсаулық сақтау ұлттық орталығы жүргізген.
Орталықтың жастар мен балалардың денсаулығын нығайту бөлімі бастығы Ақбота Абильдинаның айтуынша, 15 жасқа дейін жасөспірімдер арасында күнделікті жеміс-жидек тұтыну 33 пайызға дейін төмендеген. Сонымен бірге мектеп оқушыларының басым бөлігі таңғы асын ішпейтіні анықталды. Олардың 63 пайызы ғана күнделікті таңертең тамақтанады.
– Зиянды тағамдардың басын бастап тұрған – газдалған сусындар. Сауалнамаға жауап берушінің 60 пайызы осыны ішеді екен. Оның ішінде қыздардан гөрі ұл балалар аз ішетіні анықталды. 11 жастағы ұл-қыздардың арасында кола секілді сусындар сұраныста болса, 13 жастағы жасөспірімдер шоколад пен тәттілерге құнығып алыпты, – деді Ақбота Абильдина.
Анар ҚОНЫС