Жығылғанға жәрдем
Жығылғанға жәрдем
399
оқылды
«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы Қайнарбұлақ саяжайында жалдамалы пәтері өртен­ген отбасына көмек қолын созды. Қыс ортасында алты баласымен далада қалған жалғызбасты ананың жағ­дайы қалалық әкімдікті, партияның қалалық фили­алын, қоғамдық кеңес мүшелерін бейжай қалдыр­мады. Олар демеуші тауып, қиындыққа тап болған отбасын уақытша үйге орналастырды. өртенген үй Осы істің басы-қасында жүрген «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов шарасыз жандарға қол ұшын созуды азаматтық парызы деп біледі.
«Сол күні таң атысымен телефонымдағы чаттардың бірінен Қайнарбұлақ саяжайында бір үйді өрт шалғаны, бір отбасының қиын жағдайға тап болғаны туралы видеоны көзім шалды. Видеоны көріп отырып, алты баласы бар, оның біреуі мүгедек, өзі асыраушысы жоқ азаматшаның ауыр жағдайға тап болғанын білдім. Қалалық қоғамдық кеңестің белсенді мүшесі Нұргүл Қоблановамен хабарласып, оқиға орнына бардық. Оқиға орнында аудан әкімінің орынбасары, қызметкерлері, көршілері топталып тұр екен. Бірден ауыр жағдайға тап болған жанмен сөйлесіп, уақытша тұратын мекенжайына «AMANAT» партиясы мен қоғамдық кеңестегі әріптестеріммен бірге жинаған қаржыға 3 айлық пәтерақы қаражатын төледік. Қолына азын-аулақ қаржы ұсындық. Басқа да чаттарға, кәсіпкерлерге көмектесуін сұрап, өтініш жолдадық. Кәсіпкерлер көмекке атсалысып жатыр», – дейді Мұратәлі Оразалыұлы.

Шымкент қаласы