«Сол күні таң атысымен телефонымдағы чаттардың бірінен Қайнарбұлақ саяжайында бір үйді өрт шалғаны, бір отбасының қиын жағдайға тап болғаны туралы видеоны көзім шалды. Видеоны көріп отырып, алты баласы бар, оның біреуі мүгедек, өзі асыраушысы жоқ азаматшаның ауыр жағдайға тап болғанын білдім. Қалалық қоғамдық кеңестің белсенді мүшесі Нұргүл Қоблановамен хабарласып, оқиға орнына бардық. Оқиға орнында аудан әкімінің орынбасары, қызметкерлері, көршілері топталып тұр екен. Бірден ауыр жағдайға тап болған жанмен сөйлесіп, уақытша тұратын мекенжайына «AMANAT» партиясы мен қоғамдық кеңестегі әріптестеріммен бірге жинаған қаржыға 3 айлық пәтерақы қаражатын төледік. Қолына азын-аулақ қаржы ұсындық. Басқа да чаттарға, кәсіпкерлерге көмектесуін сұрап, өтініш жолдадық. Кәсіпкерлер көмекке атсалысып жатыр», – дейді Мұратәлі Оразалыұлы.
Шымкент қаласы