Қазақстандық спортшы Қысқы универсиадада алтын медаль иеленді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Биатлоншы Бекентай Тұрлыбеков АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өтіп жатқан Қысқы универсиадада 10 шақырымға спринт жарысында жеңіске жетті. Inform.kz-тің дерегінше, Бекентай Тұрлыбеков екі атыс сызығында бірде-бір оқты бос жіберген жоқ. Нәтиже көрсеткен уақыты – 27:51,5. Осылайша, қазақстандық биатлоншы Қазақстанға үшінші алтынды алып келді. Жарыста 2-орын Бьорн Уэстервелт, 3-орында қазақстандық тағы бір биатлоншы Александр Мухин иеленді. Нәтижесінде, Қазақстан спортшылары осы жарыста бір алтын, бір қола медаль алды.