Италияда 27 жастағы қазақ қызы қаза тапты
Италияда 27 жастағы қазақ қызы қаза тапты
Фото: pexels.com
986
оқылды
Италияның Салерно қаласында 27 жастағы қазақ қызы қаза тапты. Сыртқы істер министрлігінің ресми мәліметінше, Әсем Жарбосынды көлік қаққан.
«Қайғылы оқиғаның болғаны рас. Қазір мүрдесін Қазақстанға жеткізу үшін жұмыс жүргізіліп жатыр. Туыстарымен байланыстамыз», – деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.
Жол апаты Салерно қаласында болған. 17 қаңтар күні Peugeo көлігінің 20 жастағы жүргізушісі Джузеппе Верди опера театры маңындағы жаяу жүргіншілер жолында қызды қағып кеткен. Алғашқы көмек көрсетуге тырысқанымен, қыз оқиға орнында көз жұмған.