Шымкентте 5 жасар бала екінші қабаттан құлап кетті
Шымкентте 5 жасар бала екінші қабаттан құлап кетті
347
оқылды
Шымкент қаласында 5 жастағы бала екінші қабаттан құлап кетіп, аман қалды. Оқиға "Самал-3" шағынауданындағы Ізгілік көшесінде болған. Ересектердің қарауынсыз қалған 5 жастағы бала жеке тұрғын үйдің екінші қабатынан құлап кеткен.
«Жедел жәрдем қызметінен Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Дағдарыс жағдайларда басқармасына баланың терезеден құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. Шамамен 3,5 метр биіктіктен құлаған сәбидің қазіргі жағдайы орташа», – делінген Шымкент қаласы ТЖД таратқан ақпаратта.