Australian Open – 2023: қазақстандық теннисшілер алғашқы жұптық сында жеңіске жетті
Australian Open – 2023: қазақстандық теннисшілер алғашқы жұптық сында жеңіске жетті
378
оқылды
Қазақстандықтар Елена Рыбакина мен Анна Данилина жұптық сында Аустралия ашық чемпионатын сәтті бастады. Е.Рыбакина ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге алғашқы айналымда жарыстың 5-ракеткалары, украиналық Людмила Киченок – латвиялық Елена Остапенкомен кездесті. Қазақстандық-ресейлік жұп 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Сағат жарымға жуық уақытқа созылған бәсекеде Рыбакина мен Павлюченкова 6 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Турнирдің 8-ракеткалары А.Данилина мен үндістандық Саня Мирза бастапқы кездесуін мажарстандық Далма Галфи – америкалық Бернарда Перамен өткізді. Қазақстандық-үндістандық дуэт 1 сағат 15 минутқа созылған матчта қарсыластарын 6:2, 7:5 есебімен ұтты. Олар 1 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың тең жартысын мүлт жіберген жоқ. Е.Рыбакина мен А.Павлюченкова екінші айналымда тайбэйлік Латиша Чань – чилилік Алекса Гуарачимен, ал А.Данилина мен С.Мирза украиналық Ангелина Калинина – бельгиялық Элисон Ван Эйтванкпен шеберлік байқасады.