Универсиада – 2023: Қазақстан қоржынына қос медаль түсті
Универсиада – 2023: Қазақстан қоржынына қос медаль түсті
1,109
оқылды
Америкалық Лейк-Плэсидте өтіп жатқан Универсиада – 2023-те Қазақстан құрамасының қоржыны қос медальмен толықты. Ерлер арасындағы биатлоннан 10 шақырымдық спринтте отандасымыз Бекентай Тұрлыбеков алтын медаль иеленді. Сонымен қатар тағы бір отандасымыз Александр Мухин қола жүлдені еншіледі. Төрт қазақстандық спортшы 10 шақырымдық спринтте топ-5-ке кірді.