Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзартылды
Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзартылды
Бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы былтыр наурыз айынан бері қамауда отыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет оны бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен тексеріп жатыр.
– "2023 жылғы 17 қаңтарда Астана мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Мұхамедиұлы А.-ға қатысты қамауға алу түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімін бір айға ұзартты", – деді соттың баспасөз қызметінің өкілі.
Еске сала кетейік, Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты "Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі" халықаралық көрмесін өткізу кезінде 146 миллион теңге қазына қаражатын жымқыру бойынша соталды тергеу жүріп жатыр. Былтыр желтоқсанда экс-шенеунікті қамауға алу мерзімі бір айға ұзарған еді.