Ерлан Қарин биыл өтетін сайлаудың он ерекшелігін айтты
Ерлан Қарин биыл өтетін сайлаудың он ерекшелігін айтты
Фото: akorda.kz
778
оқылды
Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы биыл 19 наурызда өтеді. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин биылғы сайлаудың ерекшеліктері туралы Telegram арнасында жазды. Алдағы сайлаудың басты он ерекшелігі: 1. 2004 жылдан кейін алғаш рет Мәжіліске депутаттар бір мандатты округтер арқылы сайланады (98 депутаттың 29-ы); 2. Үміткерлерге партиялар мен Үкіметтік емес ұйымдар атынан ғана емес, өзін-өзі ұсынуға мүмкіндік туды; 3. Бұл кезектен тыс сайлау болғанымен, оның өтетін мерзімі жарты жыл бұрын белгілі болды; 4. Партиялардың Парламентке өтуі үшін белгіленген төменгі шегі 7 пайыздан 5 пайызға төмендетілді; 5. Әйелдер, жастар және ерекше мұқтаждығы бар адамдар үшін қарастырылған 30 пайыздық квота партиялық тізім мен мандаттардың бөлінісі кезінде сақталады; 6. Мәжілістің жаңа құрамында Қазақстан халқы Ассамблеясының квотасы болмайды; 7. Алғаш рет Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауында «бәріне қарсымын» деген баған сайлау бюллетендеріне енгізіледі; 8. Сайлауға 7 саяси партия қатысуға құқылы. Оның екеуі партиялар туралы заңның жаңа нормалары күшіне енгеннен кейін тіркелді; 9. Облыстардағы аймақтық сайлау комиссиялары енді кәсіби түрде жұмыс істейді; 10. Сайлаушылар бес бюллетень бойынша дауыс береді (республикалық маңызы бар қалалардағы бюллетень саны төртеу).