Түркиядан Қазақстанға 30 мың доллар алып өтпек болғандар ұсталды
Түркиядан Қазақстанға 30 мың доллар алып өтпек болғандар ұсталды
Фото: Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі
Қаржы мониторингі агенттігі жалған шетел валютасын елге әкелу және таратуды жүзеге асырған қылмыстық топ әрекетінің жолын кесті.
«ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті республиканың аумағына АҚШ долларындағы жоғары сапалы жалған шетел валютасын кіргізу және таратуды жүзеге асырған қылмыстық топтың қызметінің жолын кесті», - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларын жүргізу барысында Түркия Республикасының астанасынан елімізге жалған шетел валютасын жеткізудің барлық тізбегі анықталды.
«Тергеу соты Қазақстан Республикасының 3 азаматына қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Түркия Республикасының Құқық қорғау органдары жалған валюта жеткізудің қылмыстық арналарының жолын кесу бойынша бірлескен жұмыс жүргізуге жұмылдырылған. Елімізге әкелінген 30 000 жалған АҚШ долларының 28 600 теңгесі сотқа дейінгі тергеу барысында анықталды және тәркіленді», - делінген хабарламада.