21-22 қаңтарда Түркістан музыкалық драма театрында Н.Гогольдің «Шинель» шығармасы желісінде спектакльдің тұсаукесері өтеді. Қойылымның қоюшы режиссері – бірнеше халықаралық фестивальдің жүлдегері Фархат Молдағали.
Қойылым қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікке негізделген. Басты кейіпкер Башмачкин өмірінің соңына дейін тіршілік үшін күреседі. Оны кедейлік пен бір сарынды тіршілік шаршатады. Айналасындағылар қорлап, намысын таптап, мазақтайды. Ол еш қарсылық танытпастан бәріне көнеді. Алайда әлеуметтік деңгей мінез бен қабылетке байланысты екенін түсініп, кейінірек ес жияды.
Одан бөлек, көрермен 26 қаңтар күні Р.Мұқанованың «Фариза» спектаклін тамашалай алады.