Бекзат Саттархановтың әкесі өмірден озды
Бекзат Саттархановтың әкесі өмірден озды
Сурет интернеттен алынды
720
оқылды
Бокстан Сидней Олимпиадасының чемпионы, қазақтың талантты ұлы Бекзат Саттархановтың әкесі Сейілхан Саттарханов өмірден озды. Бекзат Саттарханов 1980 жылы 4 сәуірде Түркістан қаласындағы қарапайым отбасында өмірге келді. Ол – үйдің кенжесі. Әкесі – Сейілхан, анасы - Сырлыкүл. 20 жасында өмірден озған спортшының Бағдат, Болат, Мақсат есімді ағалары бар. Шаршы алаңда шаршауды білмейтін ол – қамшының сабындай қысқа ғұмырында 143 жекпе-жек өткізіп, оның 132-де жеңіске жетті. Ол қазақтың бокс тарихындағы тұңғыш Олимпиада жеңімпазы, бар-жоғы 20 жасында Олимп шыңын бағындырған еді. [caption id="attachment_23711" align="alignnone" width="1000"] width= ©Egemen.kz.[/caption] 2019 жылдың 5 шілдесі. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың олимпиада чемпионы (марқұм) Бекзат Саттархановтың әкесі Сейілхан Саттарханұлымен, анасы Сырлыкүл Саттархановамен, Бекзаттың рөлін сомдаған актер Самат Әзімқұловпен кездесуі.