Смартфонда жасырын қолданбаларды табу жолдары
Смартфонда жасырын қолданбаларды табу жолдары
Смартфондар әмбебапболғандықтан және өңдеу қуаты күшейгендіктен кең таралған құрылғы болып саналады. Алайда, құрылғының қолданбалар экожүйесі пайдаланушы үшін пайдалы да, қауіпті де болуы мүмкін. Фото fluxdeconnaissances.com сайтынан алынды
686
оқылды
Смартфондар өмірлік қажеттілікке айналып, әмбебап және өңдеу қуаты күшейгендіктен кең таралған құрылғы болып саналады. Құрылғының қолданбалар (қосымшалар) экожүйесі пайдаланушы үшін пайдалы да, қауіпті де болуы мүмкін. SlashGear технологиялық платформасында жарияланған сараптамалық материалдың негізінде Aikyn.kz Android қолданушыларына смартфондағы күмәнді қосымшаларды табу және жою жолдары туралы түсініктеме береді. [caption id="attachment_237113" align="aligncenter" width="1225"]Рисунок2 Android-та жұмыс істейтін құрылғыларды басқаруға мүмкіндік беретін көптеген әдіспен бірге кейбір смартфон өндірушілері қолданушыларға қолданбаларды жасыру мүмкіндігін де береді. Құрылғыда жасырын қолданбаларды тексерудің бірнеше жолы бар. Фото tudocelular.com сайтынан алынды[/caption] Apple мен Google қолданбалар дүкендеріне көп инвестиция салады. Бірақ қосымшалар дүкені Android жүйесіндегі айсбергтің беті ғана. Google оны пайдалануды жеңілдетсе де, қолданбаларды табыс табу үшін, қаскөйлік мақсатта қолдануға ұмтылған үшінші тарап та бар.
Android-та жұмыс істейтін құрылғыларды басқаруға мүмкіндік беретін көптеген әдіспен бірге кейбір смартфон өндірушілері қолданушыларға қолданбаларды жасыру мүмкіндігін де береді.
Дегенмен  қолданбаларды жасыру функциясы нені жасырғанымызды ұмытып қалғанда немесе біреу зиянды қолданбаны орнату, жасыру үшін құрылғыңызға кіру мүмкіндігіне ие болды-ау деген мәселеде кейбір түсінбестікке әкелуі мүмкін. Бақытымызға орай, құрылғыда жасырын қолданбаларды тексерудің бірнеше жолы бар. [caption id="attachment_237114" align="aligncenter" width="1800"]Рисунок3 Қолданушы байқаусызда жасырып қалған белгілі бір қолданбаны немесе смартфонында алдын ала орнатылған, бірақ көрінбейтін жүйелік қолданбаны іздесе – баптаулар қосымшасынан бастау керек. Фото gettyimages.com сайтынан алынды[/caption] Егер қолданушы байқаусызда жасырып қалған белгілі бір қолданбаны немесе смартфонында алдын ала орнатылған, бірақ негізгі экранда немесе қосымшалар панелінді көрсетілмейтін жүйелік қолданбаны іздесе – баптаулар қосымшасынан бастап іздеу керек. Өшірілген қосымшалар да осы жерде көрсетіледі. Ол үшін:
  • параметрлерді ашып, «Қосымшалар» бөліміне өтіңіз. Бұл мәзірде құрылғыда орнатылған барлық қосымшалар тізімі көрсетіледі. Бірақ жүйелік қосымшалар әдетте бұл тізімде көрсетілмейді;
  • жүйелік қосымшаларды табу үшін мәзір түймесін басу керек. Samsung смартфондарында бұл опция «Сіздің қосымшалар» тақырыбының оң жағындағы сұрыптау параметрлерінде орналасқан. Ал  Google Pixel құрылғыларында «Барлық қосымшаларды көру» түймесін басу құрылғыдағы барлық басқа қосымшалармен бірге жүйелік қосымшаларды да көрсетеді.;
  • жүйелік қосымшаларды қосқанда, құрылғыдағы барлық қолданбаларды көруге болады.
Егер өзіңіз, басқа адам немесе смартфонның өзі өшірген қосымшаны іздесеңіз, сұрыптау опцияларына оралып, өшірілген қосымшаларды ғана көрсету үшін «Өшірілген қосымшаларды» таңдаңыз. Бұл мәзірде құрылғыдағы барлық өшірілген қосымшалар көрсетіледі.
[caption id="attachment_237115" align="aligncenter" width="1800"]Рисунок4 Android смартфондарының моделіне байланысты қосымшаларды жасыру немесе көрсету оңай болуы мүмкін. Оларды қосымшалар панелінен қайта табу да қиын емес. Фото gettyimages.com сайтынан алынды[/caption] Қосымшалар панелінен жасырын қосымшаларды табу жолдары Android смартфондарының моделіне байланысты қосымшаларды жасыру немесе көрсету оңай болуы мүмкін. Оларды қосымшалар панелінен қайта табу да қиын емес. Тек бұл әдістер смартфонның моделіне байланысты әртүрлі болады.
Смартфонды іске қосу бағдарламаларында әдетте қосымшаларды жасыру және көрсету опциясын тез табуға болатын мәзір болады. Бұл опцияға қол жеткізудің әмбебап жолы – негізгі экранды өзгерту параметрлері арқылы «Баптау» қосымшасы арқылы болуы мүмкін:
  • алдымен басты экрандағы бос орынды басып тұру керек, содан кейін «Баптау» мен «Параметрлерді» таңдаңыз. Олар негізгі экран мен қосымшалар панелін баптау үшін қажет болады;
  • «Бастапқы экранда және қосымшалар экрандарында қосымшаларды жасыру» опциясын іздеу керек. Бұл Samsung құрылғыларындағы параметрдің атауы. Бірақ  басқа модельдерде оның атауы «Жасырын қолданбалар» немесе «Қолданбаларды жасыру» болуы да мүмкін;
  • бұл опцияны ашу арқылы барлық жасырылған қосымшаларды, жасырын емес қалған қосымшаларды көруге болатын қосымшалар тізімін көруге болады.
[caption id="attachment_237116" align="aligncenter" width="1601"]Рисунок5 Жасырын қосымшаларды іздеу сіздің қауіпсіздігіңізге қатысты болса, арнайы рұқсаттарға қол жеткізу арқылы сүзгілеу опциясын қолдану керек. Фото gettyimages.com сайтынан алынды[/caption] Арнайы кіру рұқсаттары бойынша қосымшаларды іздеу
Жасырын қосымшаларды іздеу сіздің қауіпсіздігіңізге қатысты болса, арнайы рұқсаттарға қол жеткізу арқылы сүзгілеу опциясын қолдану керек. Арнайы рұқсаттары бар қосымшаларды табу үшін «Параметрлер» қосымшасындағы «Қолданбалар» мәзіріне өтіп, «Қолданбаға арнайы рұқсат», «Арнайы рұқсат» немесе соларға ұқсас опцияны іздеу керек.
Параметрдің аты мен орны смартфон өндірушісіне байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Google Pixel құрылғысында қосымшаның басты бетінде мәзірді төмен сырғыту керек, ал Samsung құрылғысындағы қосымшалар экранының жоғары оң жағындағы үш нүктелі мәзірде орналасқан. [caption id="attachment_237117" align="aligncenter" width="1225"]Рисунок6 Белгілі бір қосымшаға кіру мәзірін тапқаннан кейін, арнайы рұқсаттарды таңдау арқылы қосымшаларды іздеу оңай болады. Қауіпсіздікті күшейту қажет болса, өзіңіз үшін маңызды функцияларды анықтап алыңыз. Фото slashgear.com сайтынан алынды[/caption] Белгілі бір қосымшаға кіру мәзірін тапқаннан кейін, арнайы рұқсаттарды таңдау арқылы қосымшаларды іздеу оңай болады. Қауіпсіздікті күшейту қажет болса, өзіңіз үшін маңызды функцияларды анықтап алыңыз. Оларға: құрылғыны басқару қосымшалары, файлдарға кіру, медианы басқару және белгісіз қосымшаларды орнату жатады.
Ниеті теріс адамдар арнайы қосымшаны бақылау арқылы смартфон иесінің рұқсатынсыз белгілі бір функцияларды орындауға және белгілі бір деректерге фондық режимде қол жеткізе алады. Әсіресе, қосымшалар Play Store дүкенінен жүктеп алынбаған жағдайда, зиянды мақсатта пайдалануы мүмкіндігі өседі.
Әрбір қолданба смартфонда қандай қызмет атқаратынын түсінген маңызды. Өйткені көптеген жеке деректер мобильді құрылғыларда сақталады. Адамдар оларды қорғау үшін қосымшаларды жасырады. Жүйелік қосымшаларды жасыру да қосымшалар жәшігіндегі ретсіздікті азайтуға көмектеседі.