«...Жо-жоқ, әлде...
Тағдыр ма?!» деп Дархан Аманжолұлы жазғандай, із-түссіз жоғалғандардың тағдыры кімді алаңдатады? Әрине, жақындары мен ағайын-туғаны іздер. Ал сырт адамдарға оның келіп-кетері де жоқ. Алайда іздеуде жүргендерді жақындарымен табыстыруға тырысып, аз да болса қол ұшын беретін адамдар жоқ емес, бар.
Міне, осы жағдайдан кейін кез келген көмектің артықтығы болмайтынын түсіндім. Сол кездері әртүрлі қала мен ауылдардан 100-ден аса адам іздестіруге атсалысты. Қарағандыдан Ирина есімді қыз екеуіміз жоғалған адамдарды іздестіретін үлкен волонтерлік қозғалыс жасадық. Сөйтіп, 2017 жылы қозғалысымызды Rina.kz деп атадық. – «Lider.kz Астана волонтерлары» дегеніңіз сол қозғалыстың жалғасы ма? – Бастапқыда Rina.kz деп аталды. 2019 жылдың ақпанында өз ішінен Lider.kz болып бөлініп шығып, желтоқсанда ресми түрде «Lider.kz Астана волонтерлары» қоғамдық ұйымы ретінде Әділет министрлігінде тіркелді. Аты өзгергенімен, заты сол қалпында қалды. Әрине, басында топтың өзін жинақтау қиын еді. Бірге жұмыс істесуге де ешкім келісе қоймады. Бірақ тынымсыз еңбектің арқасында бүгінде жаңалықтар арнасы мен полиция қызметкерлерімен жақсы байланыс орнаттық.Сөйтсек, суға кетіп қалған екен. Оның мәйітін он күннен соң, Қошқарбаев ауылынан 4 шақырым жерде балық аулап жүрген балықшы тауыпты. Негізі Эллина Нұра өзенінің бойындағы отбасылық демалыста жоғалған екен. Олар үйге жинала бастап, заттарды көлікке реттеп жатқанда, оны көзден таса жіберіп алған.
Қазір 36 қалада тобымыз бар. Мұнда әр қызметкер әрбір жағдайға қол ұшын беруге тырысады. Әйтеуір, қоғамға пайдасын тигізгісі келеді. Қазір көпбалалы отбасына, қарияларға, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмектесетін қоғамдық ұйым көп. Соның арасында жоғалғандарды іздестіретіндер санаулы-ақ.
Қазір Нұр-Сұлтанның өзінде із-түссіз жоғалған – 70, туыстық байланысын жоғалтқан 150 адам бар. Осы уақыт ішінде елорданың өзінде 40 адам табылды. Алайда бұл қатып қалған нақты саны емес, ол күн сайын өзгеріп отырады. Сондықтан бүгінгі қолда бар мәліметті атап отырмын.
Содан ол жайында бүкіл ақпаратты жинап, пошымы, түр-келбеті, қандай да бір ерекшелігі болса, соны анықтаймыз. Жинақталған мәлімет бойынша аурухана, мәйітхана, баспанасыздар орталығына хабарласып, ол жақта бар-жоғын тексереміз.Оның жоғалғаны жайында хабарламалар қала бойынша жабыстырып, әлеуметтік желілерге таратылады. Іздестіру тобы жасақталып, жоғалған мекені бойынша қарауға шығады.
Өкінішке қарай, орта жастағыларды іздестіргенде мұндай нәрсе байқалмайды. Іздестіру жұмысы барынша жүрсе де, көпшілік бейжай қалады. Адамдар көбіне «жора-жолдастарына қыдырып кеткен болар, қайтып келеді» деп іздесуге атсалыспайды.Соның ішінде шынымен де із-түссіз кететіндердің болатынын ұмытпаған абзал. Ал ондай жағдай жетіп артылады.
Жақындай келе оның ондай емес екенін байқадық. Өйткені әлгі ер адам біраз киім-кешекті астына салып, қалғанын үстіне жауып алыпты. Үсті-басы таза, тоңып қалған екен. Сұрастыра келе, оның Сарыағаштікі екенін білдік.
Соған қарамастан анасының барлық досына хабарласып, мән-жайды түсіндіріп шықтық. Арада біраз уақыт өткен соң, Серіктің анасының өзі бізге хабарласты. Ұлының табылғанына таңданған анасы оның Сарығашта іздеуде жүргеніне бір жыл болғанын жеткізді.«Жылы-жылы сөйлесең жылан інінен шығады» дегендей, сөйлесе келе анасының есімін және оның «одноклассникиде» парақшасы барын білдік. Сол жерде Серіктің анасын тауып алып, оның сырқат екенін хабарлап едік, бізге сенбеді. Сөйтсек, бізді біреудің қайғысына ақша жасап жүрген алаяқтар деп қабылдаған.
Оның елордада жұмыс істеп жүргенін білгенімен, қандай жерде, қайда тұратынын, қаланың қай жерінде тоқтағанын білмеген. Ұлы хабарсыз кеткен соң, анасы іздеу салған екен. Сөйтіп, анасы қалаға келетін болды.Бірақ өкініштісі, әлгі ана ұлын көзі тірісінде көре алмады. Себебі Серік ауруханаға түскен күннің ертесі бас дәрігері бізді шақырып, оның қазасын естіртті. Біріншіден, оның жүрегі шыдамаған. Екіншіден, өкпесі қабынып, суық өтіп кеткен. [caption id="attachment_23822" align="alignnone" > ©2-3 күнде табылға ұл бала[/caption]
Міне, осындай жағдайда не жыларыңды, не жұбатарыңды білмейсің. Тірісінде ұлын көре алмағаны бір жағынан қынжылтса, екіншіден, туған жерінде жерленіп, ағайын-туғанның қасында болып, құран бағыштай алатыны – жұбаныш. Кім біледі, бізге жолықпағанда, сол балконда қалар ма еді? Не белгісіз біреу болып жерленер еді. Ал анасы болса, өмір бойы оның келуін күтіп өтер еді.