KFC компаниясының бағдарлама жүйесіне шабуыл жасалды
KFC компаниясының бағдарлама жүйесіне шабуыл жасалды
KFC, Pizza Hut және Taco Bell фаст-фуд желілерінің иесі Yum Brands компаниясы төлемдік бағдарлама шабуылы кезінде деректердің ұрланғанын растады. Фото Getty Images сайтынан алынды
782
оқылды
Соңғы айларда әлемдік технологиялық қызмет көрсету саласында ірі компаниялардың деректер қорына хакерлік шабуылдар көбейіп кетті. Мұның себебін сарапшы мамандар әртүрлі түсіндіреді. Тағы бір деректердің ұрлану оқиғасы америкалық нарықта болды. KFC, Pizza Hut және Taco Bell фаст-фуд желілерінің иесі Yum Brands компаниясы төлемдік бағдарлама шабуылы кезінде деректердің ұрланғанын растады. Yum Brands-қа әсер еткен оқиға туралы TechCrunch компаниясына сілтеме жасап,  Aikyn.kz хабарлайды. [caption id="attachment_237209" align="aligncenter" width="1601"]Рисунок6 Yum Brands – қоғамдық тамақтану қызметін көрсететін америкалық корпорация. Корпорация танымал 3 әлемдік брендтің иесі – KFC, Pizza Hut және Taco Bell. Фото Getty Images сайтынан алынды.[/caption]
Yum Brands – қоғамдық тамақтану қызметін көрсететін америкалық корпорация. Fortune журналының мәліметі бойынша, АҚШ-тың 500 ірі компанияларының тізіміне кіреді. Корпорация танымал 3 әлемдік брендтің иесі – KFC, Pizza Hut және Taco Bell. Олардың 140 елде 48 мыңнан астам мейрамханасы жұмыс істейді: 98%-дан астамы франчайзинг түрінде жұмыс істейді.
Осындай ірі корпорацияның төлемдік бағдарламасына шабуылы «ақпараттық технологиялар жүйесіне» әсер етіп, қызмет көрсету тізбегіндегі кейбір процестерді оффлайн режимге көшіруге мәжбүрлеген. Компанияның таратқан ақпаратына сәйкес, төтенше оқиға Ұлыбританиядағы 300 мейрамхананың 24 сағатқа жабылуына әкелген. [caption id="attachment_237210" align="aligncenter" width="1796"]Рисунок8 Төлемдік бағдарламар жүйесіне шабуыл компанияның Ұлыбританиядағы мейрамханаларына әсер еткенімен, Yum Brands бұл іспен АҚШ-тың Федералды құқық қорғау органдары айналысып жатқанын мәлімдеді. Фото Getty Images сайтынан алынды[/caption] Төлемдік бағдарламар жүйесіне шабуыл негізінен компанияның Ұлыбританиядағы мейрамханаларына ғана әсер еткенімен, Yum Brands бұл іспен АҚШ-тың Федералды құқық қорғау органдары айналысып жатқанын мәлімдеді. Yum Brands төлемдік бағдарламалық жасақтама шабуылына жауапты белгісіз қаскөйлер компанияның желісінен деректерді ұрлағанын айтқан. Бірақ тұтынушы деректерінің ұрланғаны туралы нақты «дәлелдер жоқ» деп қосты компанияда. Сондай-ақ төлемдік бағдарламалар жүйесіне шабуылдың қашан басталғаны немесе компанияның жүйелері бастапқыда қалай бұзылғаны белгісіз. Yum Brands өкілі Роб Поэтч компанияның мәлімдемесіне қосымша оқиға туралы толығырақ ақпарат беруден бас тартты.
«Бұл оқиға уақытша үзіліс тудырғанымен, компания мейрамханаларының жұмысында үзілістер болмайды және бұл оқиға оның бизнесіне, қызметіне немесе қаржылық нәтижелеріне елеулі жағымсыз әсер етеді деп күтпейді», – делінген компанияның ресми мәлімдемесінде.