Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын жеңді
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын жеңді
1,421
оқылды
Australian Open турнирінде қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекті жеңді. 
Қазақстанның бірінші ракеткасы, Уимблдон-2022 жеңімпазы Елена Рыбакина Australian Open турнирінің төртінші айналымында әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекті жеңіп, ширек финалға шықты. Ойын екі бөлімде аяқталды, онда Рыбакина 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Елена Рыбакина карьерасында алғаш рет Аустралия чемпионатының ширек финалында ойнайды.