Шымкент қалалық білім бөлімінің бас маманы пара алды деген күдікпен ұсталды
Шымкент қалалық білім бөлімінің бас маманы пара алды деген күдікпен ұсталды
Фото: turkistanzaman.kz
1,020
оқылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, қалалық білім бөлімінің бас маманы жемқорлық дерегі бойынша күдікке ілініп отыр. Бұл туралы Aikyn.kz Шымкент қаласының прокуратурасына сілтеме жасап хабарлайды.   Құпия ақпарат бойынша,  2023 жылғы 11 қаңтарда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті ҚК-нің 366-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Бұл факт бойынша Шымкент қаласы білім бөлімінің лауазымды тұлғалары күдіктеледі. Қалалық білім бөлімінің бас маманы  Ш.А. балабақша басшыларынан балабақшаларды тексеру бойынша оң шешім қабылдау үшін бірнеше рет (800 мың теңге) пара алу фактісі анықталды. Осы қылмысты жасады деген күдікпен қалалық білім бөлімінің бас маманы  Ш.А. ұсталып, өз жауабында қылмыс жасағанын толық мойындады. Ш.А.-ға  қатысты «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазір іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.