Алматыда жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты
Алматыда жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты
Фото: instagram.com/kris.p.original
1,935
оқылды
Алматы қаласының Бостандық ауданында жол апаты болды. Оқиға туралы Aikyn.kz Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды. Қалалық ПД-ның мәліметінше, жол апаты кеше сағат 23.30-да әл-Фараби даңғылында болған. «2003 жылы туған Chevrolet көлігінің жүргізушісі К. әл-Фараби даңғылымен шығыс бағытта келе жатып, рульді басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, батыс бағытта келе жатқан үш көлікпен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Chevrolet жүргізушісі мен оның 19 жастағы екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты», – деді полицейлер. Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптамалар тағайындалды.  
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Специально для КрисПи | Основа (@kris.p.original)

Бұған дейін Алматыда бір күнде 60-тан астам жол апаты болғаны туралы хабарлаған болатынбыз.