22 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалында екінші қазақстандық боксшы өнер көрсетті, – деп хабарлайды Vesti.kz.
54 келіде Нұрсұлтан Алтынбек қырғызстандық Ислам Торобаевтан анық басымдық көрсетті.
Осылайша, Нұрсұлтан осының алдында жеңіске жеткен Санжар Тәшкенбай екеуі кемі күміс жүлдеге ілініп отыр.