"Мьянмадағы шағын қалашықтың шетінен табылды": шетелде құлдыққа түскен 2 қазақстандық елге оралды
"Мьянмадағы шағын қалашықтың шетінен табылды": шетелде құлдыққа түскен 2 қазақстандық елге оралды
Коллаж: sn.kz
1,231
оқылды
Мьянмада құлдықтан босап шыққан қазақстандықтар елге жеткізілді. Бұл туралы елордада өткен баспасөз мәслихатында Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, –  деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жақында еліміздің екі азаматы Қазақстанға жетті. Жұма күні туыстары хабарласып, Мьянмадағы компаниядан қашып шыққандары туралы айтты. Біздің консул дереу Таиландтың шекарасына барып, Мьянмадағы шағын қалашықтың шетінен оларды алып кетті. Осы орайда оларға қауіпсіз жерге жасырынуға нұсқау бердік. Өйткені аталған компания өкілдері оларды іздейтін болса, бұл азаматтарды дереу тауып алатыны анық еді. Жергілікті тұрғындар да осы компанияға көмектесуі мүмкін еді», – А.Смадияров.
Оның айтуынша, Қазақстан азаматтары Бангкокке жеткізілгеннен кейін, олардың құжаттары рәсімделген. Көші-қон заңнамасын бұзу дерегіне қатысты айыппұлдары төленді.
«Сонымен қатар оларға Қатар арқылы әуекөлігімен ұшып келу үшін билет сатып алынып, кейін Алматыға жеткізілді», – деді ресми өкіл.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 16 қаңтарда ҚР Сыртқы істер министрлігі БАҚ өкілдеріне Таиланд пен Мьянма елдерінде құлдыққа тап болғаны туралы мәлімдеген қазақстандықтардың жағдайы туралы мәлімет берді.