«Қазгидромет» РМК 24-26 қаңтар аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райын әлі де болса кең солтүстік-батыс антициклон анықтайтындықтан, алдағы күндері жауын-шашынсыз, ашық ауа райы болады.
«Тек республиканың солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты қар жауып, жел күшейеді», – делінген хабарламада.Оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда тұман түседі.