Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды
Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды
1,024
оқылды
"Қазгидромет" еліміздің төрт облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады. Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында күндіз жаяу бұрқасын болдаы. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын болады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түркістан облысының оңтүстігінде тұман түседі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20, түнде және таңертең тау асуларында екпіні 23-28 м/с. Павлодар облысының солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын болады. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.