Бас прокуратура: Жоғарғы сот Шадиевті 15 миллиард теңге қарызын Ұлттық банкке қайтаруға міндеттеді
Бас прокуратура: Жоғарғы сот Шадиевті 15 миллиард теңге қарызын Ұлттық банкке қайтаруға міндеттеді
Фото: ehonews.kz
1,427
оқылды
Бас прокуратураның баспасөз қызметі былтыр прокурорлар сотта қаралған 20 мыңнан астам азаматтық және әкімшілік істерге қатысты мәлімет таратты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Прокурорлардың өтініш хаты мен наразылығы бойынша 313 сот актісі, оның ішінде, 60 – Бас прокурордың наразылығы негізінде заңға сәйкестендірілді. 34,9 миллиард теңге қазынада қалды. Прокурорлардың актілерімен олигополияға заңсыз берілген мүлік мемлекетке қайтарылды. Кәсіпкерлердің құқы қорғалды. Мәселен, Бас прокурордың 18 наразылығы бойынша мемлекетке магистральды теміржолдар қайтарылып, 21,1 млрд теңге шығынның алдын алды. Прокуратураның араласуынан кейін Жоғарғы сот бизнесмен О.Шадиевті 15 миллиард теңгеден астам қарызын Ұлттық банкке қайтаруға міндеттеді. Жоғарғы сот сатысы арқылы «Жайықмұнай» ЖШС-ны шарттық міндеттемелерді орындамағаны үшін 580 млн теңгеден астам айыппұлды бюджетке төлеу туралы Энергетика министрлігінің хабарламасының заңдылығы дәлелденді. Кәсіпкерлердің мүддесі үшін прокурорлардың актілері негізінде 9 сот актісі, соның ішінде 7 – Бас прокурордың наразылығымен қайта қаралды. Мысалы, Жоғарғы сот «Стройастес» ЖШС-ға 859 млн теңгеге салықты есептеу туралы негізсіз хабарламаны бұзды. Тағы да бірқатар істерге қатысты Бас прокуратураның наразылығымен жер, тұрғын үй заңнамасы саласындағы азаматтардың құқықтары қорғалды. Нәтижесінде, прокурорлық қадағалау актілерінің негізінде азаматтық және әкімшілік істер бойынша бірыңғай сот тәжірибесі қалыптасты. Жұмыс жалғасып жатыр.