Атырауда өрт шыққан көпқабатты үйден 6 адам құтқарылды
Атырауда өрт шыққан көпқабатты үйден 6 адам құтқарылды
© massaget.kz
228
оқылды
Атырауда көпқабатты үйден өрт шығып, 6 адам құтқарылды. Құтқарылғандардың ішінде төртеуі балалар. "Бүгін, яғни, 24 қаңтар күні сағат 17:24-те Атырау қаласы № 18 мекен-жайында орналасқан бес қабатты тұрғын үйден өрт шыққаны жөнінде шақырту түсті. Өрт сөндіру бөлімдері жеткен кезде, 2-қабаттағы жалпы аумағы 60 шаршы метр болатын пәтер жанып жатқан. Өрт сөндірушілер 5 қабаттан жедел түрде 6 адамды, оның ішінде 4 баланы құтқарды", - делінген хабарламада, Өрт салдарынан 1969 жылы туыған пәтер иесі азаматша К.Б. және 1964 ж. т. азаматша К.Ж. күйік алып, облыстық ауруханаға жатқызылды. Өрт сағат 17:44-те жойылды. Өрт сөндірушілер өртті жедел ауыздықтап, көрші пәтерлерге өрттің таралуына жол бермеді.

Баян Жанұзақова