96 процент отандық өндірушілердің өнімін пайдаланады
96 процент отандық өндірушілердің өнімін пайдаланады
247
оқылды
ҚР ҚК Тыл және қару-жарақ басқармасының бастығы Асылбек Сатыбалдинов отандық өндірушілер, әскери киім нысаны және оған қойылатын талаптар туралы сұрақтарға жауап берді.  Қарулы Күштерде қандай киім-кешек түрлері бар? ҚР ҚК әскери қызметшілерін, әскери бөлімдері мен мекемелерін заттай мүлікпен жабдықтау нормаларына сәйкес әскери қызметшілер 169 киім түрімен, оның ішінде фуражка, қалпақ, китель, жылы күртеше, жейде, галстук, бәтеңке, туфли, және т.б қамтамасыз етілуі тиіс. Әскери киім нысанының бірнеше түрі бар: ерекше салтанатты, салтанатты, күнделікті, далалық және жұмыс формасы. Сондай-ақ олар жазғы, қысқы, сапқа арналған және саптан тыс, тиісінше ерлерге және әйелдерге арналған болып бөлінеді. Әрбір әскердің өз киім кию нысаны болады. Әскери қызметшілердің әскери киім-кешегі үшін жаңа түс үйлесімділігі қолданылды: Құрлық әскерлері киім нысанының түсі – қара жусан түстес: Әуе қорғанысы күштері киім нысанының түсі – көк түсті; Әскери Теңіз күштерінің киім нысанының үлгісі – қара түсті. Жоғары офицерлік құрамның салтанатты киім кию нысаны қазақи ою-өрнек пен лавр өрнегімен әрленіп біріктірілген. Киімді сатып алудың тәртібі қандай? Мемлекеттік қорғаныс тапсырысы жүйесінде (одан әрі - МТҚ) Қорғаныс Министрлігі тек әскери тауарларды, яғни дайын өнімді алушы болып табылады, ҚР  Индустрия және инфрақұрылымдық министрлігімен бірігіп, келісімдер жасайды. Қорғаныс министрлігі келісімшарт жасау міндеметтелері процессіне қатыспайды.  Мемлекеттік қорғаныс тапсырысының орындаушыларымен, яғни мата өндірушілерімен тікелей келісім-шарт қатынастарына Қорғаныс министрлігінің қатысы болмайды. Қорғаныс министрлігі техникалық ерекшеліктер ұсына ма? Иә, киім кию нысанына қойылатын барлық талаптарды Қорғаныс Министрлігі ұсынады. Техникалық ерекшеліктерді әзірлеу кезінде ҚР континенталды ауа-райы, яғни температура жазда 45-тен жоғары қысқы уақытта 50 градус 0-ден төменге дейін, күз бен көктемде қатты жаңбыр мен желде өзгеруі ескеріледі. Киім кию нысанының әскери қызметшіні қорғауы біз үшін маңызды, далалық шығулар мен жауынгерлік іс-әрекетті орындауда функционалды болу керек. Сонымен қатар киім кию нысаны жауынгерлік тапсырмаларды орындауда әмбебап және ыңғайлы болуы шарт. Әскери іс-әрекетті орындағанда түрлі жағдайлар болуы мүмкін, атап айтқанда әскери қызметші жарақат алуы мүмкін, сондықтан осы ерекшеліктердің барлығы ескерілуі қажет. Әскери киім кию нысанына қойылатын талаптарды әзірлеу кезінде өткен жылдардағы киімдерге, заманауи технологиялар мен шет елдердің озық тәжірибелеріне талдау жасалады. Қазіргі таңда заманауи жоғары технологиялық маталардың пайда болуымен ҚР ҚК әскери қызметшілердің киім кию нысанын, көбіне далалық киім кию нысанын дайындауға пайдалану қажеттілігі туындады. Матаға қатысты талаптар қаншалақыты жиі өзгереді? Сатып алынатын заттай мүліктің техникалық ерекшеліктері тікелей орындаушы кәсіпорындармен әзірленіп, келісілген. Бүгінгі таңда, технологиялар бір орында тұрмайды, сондықтан біз киім сапасын жақсарту қажеттігін түсінген кезде, ойлағанымызды жүзеге асырамыз. Бірақ тағы да айта кеткім келеді, бұл сәттердің бәрі бірінші кезекте орындаушымен келісіледі, өйткені олардың мүмкіндіктері де шектеулі. Мәселен, 2015 жылы үстіңгі киімге қажетті материалдар аралас рипстоп мақта-мата түрінен көрсетілген. Тауар өндірушілер өздері өндіретін маталарды техникалық ерекшеліктерге қосу туралы Қорғаныс министрлігіне ресми хат жолдады. Қорғаныс министрлігі (2015-2016) осы мәселені қарай отырып, отандық өнімді қолдау мақсатында отандық өндірушілердің шикізаттарын, маталары мен материалдарын пайдалану жайлы бөлігіне техникалық ерекшеліктерге және әзірленіп жатқан стандарттарға өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, далалық киім нысаны. 2016 жылы қорғаныс министрі Қазақстан аумағында полиамидті жіптерден (күртешелер, мембраналық құрамдарға сіңдіруге салынған маталар), полиэфирлі жіптерден, рипстоп және тағыда басқада маталар өндіру мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. 2016-2017 жылдары әскерде ұсынылған мата түрінен жасалған киім-кешек қолданылды, алайда оның сапасы төмен, мерзімінен бұрын тез тозаатын болып шықты. Әскери бөлімдер мен мерзімді қызметтегі іскери қызметшілердің ата-аналарының тараптарынан түскен сансыз шағымдарынан кейін, әскери бөлімдер мен мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің ата-аналары тарапынан далалық киім-кешек матасының сапасына, сарбаздардың қыс мезгілінде тоңып, сырқаттануына байланысты техникалық ерекшеліктерді қайта қарау және «Қазақстан инжиниринг ҰК» АҚ мен «Жасампаз» консорциумының бұрынғы ескертулері мен ұсыныстары негізінде өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды. «Рипстоп» деген матаның түрі қандай? Рипстоп – бұл далалық киімдегі мата болып табылады. Ол  әдетте полиэстерден немесе нейлоннан жасалған, армиленген жіптің арқасында матаның салмағы мен тағыздығын сақталады, сонымен қатар жоғары төзімділікке ие. Рипстоп матасы су өткізбеушілігі, су мен отқа төзімділігі, салмағы, сынды текстураның түрлі сипаттамалармен талаптарға сәйкес өндіріледі. Бұл сипаттамалар дала жағдайында, оқу-жаттығу және сабақ кезінде өте маңызды болып табылады. Полиуретанды төсемі бар киім-кешекке қатысты жаңа талап қабылдау туралы шешім не үшін қабылданды? Және ол неге қажет болды? Әскери киім нысанын жақсарту мақсатында әскери қызметшілердің пікірлері мен шешімдері, сонымен қатар, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің тәжірибесіне сүйене отырып, 2019 жылдың қаңтар айында құрамында полиуретанды төсемнен тұратын матадан жасалған далалық жылы күртешені үлгі ретінде дайындау ұсынылған болатын. Бұл шешімді талап деп айту қате, себебі Қорғаныс министрлігі отандық тауарды жеткізушілерге далалық киімнің сынамадан өткен түрлерін дайындап беру ұсынылды. Өз кезегінде тауар жеткізушілермен үлгі үшін жасалған топтаманы жеткізу және тәжірибелі әскери киім киілу жүргізуді ұйымдастыру туралы келістік. 2019 жылдың басында МҚТ-2019 аясында сатып алынатын далалық қысқы нысанды киім-кешектің көлемі 10 000 жуық полиуретанды төсемді жиынтығын алу туралы бекітілген. Қарулы Күштерге ол жиынтық өткен жылдың аяғында келіп түсті және 2020 жылдың ақпан айынан бастап киімді тәжірибе ретінде әскерлерге беруге дайын. Тәжірибелік киім киіліп тексеруден (сынақ мерзімі -  6-10 ай) өткен соң олардың талдау мен одан әрі қолданудың ұсыныстары бойынша қорытынды қабылданды. Далалық киім жеке әскери қызметші мен жалпы ҚР ҚК-нің жауынгерлік әзірлікті анықтап қана қоймай, қазіргі заманның талабына сай болу керектігін түсіну қажет. Бұл тексеру тәртібі матаны тәжірибеде тексеру қажет, оның берілген сипаттамасы расталса, 2021 жылдан Министрлік оның сатып алуға кіріседі. Біздің әскери қызметшілерге арналған әскери киім нысанын дайындайтын жеткізушілер кімдер? Мемлекеттік қорғаныс тапсырысы бойынша сатып алынатын 96 % дейін қажетті мүлікті Министрлік отандық тауар өндірушілерге тапсырыс беруді жөн көреді.  Айта кетсек, қалған 4 % - мемлекеттік сатып алудың қазақстандық мүгедектер қоғамы арасында конкурс жариялау арқылы тапсырыс беріледі.