АҚШ Google-ды жарнама үшін сотқа берді
АҚШ Google-ды жарнама үшін сотқа берді
АҚШ-тың Әділет министрлігі Google компаниясын ауыр айыптармен сотқа бергені белгілі болды. Фото REUTERS сайтынан алынды. Авторы: Andrew Kelly
581
оқылды
6 сағат бұрын Financial Times басылымы АҚШ үкімет органдары Google компаниясын цифрлық жарнама нарығында бәсекелестерін тұншықтыру үшін өзінің монополиялық басымдығын пайдаланды деген айыппен сотқа бергенін жариялады. Федералды органдар big tech (алпауыт технологиялық компания) өзінің орасан мүмкіндігін «цифрлық жарнама технологиясындағы үстемдігін сақтап қалу үшін заңсыз әдістерді қолданды» деп айыптайды. Технологиялық нарықты елең еткізген АҚШ-тағы оқиға туралы Aikyn.kz Financial Times газетіне сілтеме жасап хабарлайды. [caption id="attachment_237617" align="aligncenter" width="1800"]Рисунок2 Google «цифрлық жарнама нарығында баспагерлер, жарнама берушілер мен брокерлер қолданатын технологиялық құралдарды бақылауда ұстау» арқылы жарнамалық технологиялар секторындағы бәсекелестікке нұқсан келтірген. Фото gettyimages.com сайтынан алынды. Авторы: Marco Bottigelli[/caption]  Сейсенбі күні АҚШ-тың Әділет министрлігі Google компаниясын ауыр айыптармен сотқа бергені белгілі болды.
Онда технологиялық алпауыт «цифрлық жарнама нарығында баспагерлер, жарнама берушілер мен брокерлер қолданатын технологиялық құралдарды бақылауда ұстау» арқылы жарнамалық технологиялар секторындағы бәсекелестікке нұқсан келтіргені айтылған.
Тұтастай саланы дүрліктірген сот ісі Джо Байден әкімшілігінің АҚШ экономикасындағы бәсекелестікке қарсы әрекеттерді жоюға бағытталғандығына байланысты қозғалды. АҚШ президенті ірі бизнестің билігін шектеу туралы жарлыққа қол қойып, монополияға қарсы жоғары лауазымдарға жаңа шенеуніктерді, соның ішінде Әділет министрлігінің монополияға қарсы құрылымының басшысы Джонатан Кантерді тағайындады. [caption id="attachment_237618" align="aligncenter" width="1225"]Рисунок3 Билік Google-ға цифрлық жарнама нарығының көптеген аспектілерін, веб-сайттардың жарнама орындарын сату үшін пайдаланатын технологияны және жарнамаларды сататын ең үлкен биржаны бақылайды деген айыптар тақты. Фото monsterinsights.com сайтынан алынды. Авторы: Aazim Akhtar[/caption] Билік Google-ға цифрлық жарнама нарығының көптеген аспектілерін, соның ішінде, веб-сайттардың жарнама орындарын сату үшін пайдаланатын технологияны және жарнамаларды сататын ең үлкен биржаны бақылайды деп айыптады.
Google АҚШ-тың корпоративтік монополияға қарсы заңдарының бірі 1890 жылғы Шерманның монополияға қарсы заңын бұзды деген күдікке ілінді. АҚШ үкіметі америкалық агенттіктер мен әскерилердің шығынын өтеуді талап етіп, компанияны Google Ad Manager пакетінен бас тартуды талап еткен.
Бұл іс федералды органдар үшін сәтті аяқталса, әлемдегі цифрлық жарнама нарығы тұтастай өзгертуі ықтимал. Әділет министрлігі Google бұл секторды 15 жыл бойы бақылап, оның қуатын арттырып, бәсекелестерді сатып алып, басып тастады, баспагерлерді оның құралдарын пайдалануға мәжбүрледі және жарнамалық аукциондарды өз пайдасына айналдырды деп мәлімдеген. [caption id="attachment_237619" align="aligncenter" width="1805"]Рисунок4 АҚШ прокуратурасы Google өз өнімдері арқылы цифрлық жарнамаға жұмсалған барлық қаржының 30%-дан астамын иемденді деп есептейді. Фото gettyimages.com сайтынан алынды. Авторы: Steve Proehl[/caption]
АҚШ прокуратурасы Google өз өнімдері арқылы цифрлық жарнамаға жұмсалған барлық қаржының 30%-дан астамын иемденді деп есептейді. «Монополиялар еркін және әділ нарықтарға қауіп төндіреді. Олар инновацияларды тұншықтырады, өндірушілер мен жұмысшыларға зиян келтіреді және тұтынушылар үшін шығындарды арттырады», – деп мәлімдеді АҚШ бас прокуроры Меррик Гарланд.
Google өзінің хабарламасында аталған сот процесі «жарнамалық технологиялар саласындағы бәсекелестікте жеңімпаздар мен жеңілгендерді таңдау әрекеті» екенін айтқан: «Әділет министрлігі инновацияны бәсеңдететін, жарнамалық төлемдерді өсіретін және мыңдаған шағын бизнес пен баспалардың өсуіне кедергі келтіретін қателіктерді екі есе күшейтуде». Бұл саладағы бәсекелестікке қарсы әрекеттермен күресу үшін құрылған Әділет министрлігінің монополияға қарсы құрылымының Google-ға қарсы ең алғашқы үлкен сот ісі. Бұған дейін 2020 жылы Әділет министрлігі Google-ді «монополияға қарсы әрекет» деп, интернеттегі іздеудегі бәсекелестікті бұзды деген айыппен топты сотқа берген болатын.