«Біздің студенттік құрама қысқы Универсиадада керемет нәтиже көрсетті. 11 отандық жоғары оқу орнынан 78 спортшы 10 спорт түрінен жарысып, 11 медаль жеңіп алды. Биатлоншылар екі алтын, күміс және қола жеңіп алды. Трамплиннен секірушілер де жақсы өнер көрсетіп, отандық құраманың қоржыны тағы бір алтын және күміспен толықты. Біздің шорт-трекшілер мен шаңғышылар да ерекшеленді. Сондай-ақ, шайбалы хоккей командасын ерекше атап өткім келеді. Олар топтық кезеңде үздіктердің қатарында болды. Ал қола үшін сайысты Универсиада көшбасшылары – жапондықтарды жеңді. Барлық жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтаймын», – деп атап өтті министр Саясат Нұрбек.Тарқатып айтар болсақ, ел құрамасы үш алтын, төрт күміс, төрт қола медаль еншіледі. Биатлоншы Вадим Куралес доданың үшінші күні жарыс жолына шығып, алғашқы алтынды жеңіп алған еді. Тағы бір биатлоншымыз Бекентай Тұрлыбеков 10 шақырымдық спринтте үздік нәтиже көрсетті. Александр Мухин болса аталған спринтте қола медаль еншіледі.


Айбике ЖАНАСЫЛ
Чемпионға арналған пәтер!
Спорт эмоцияларының бас демеушісі - 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!