Тоқаев Мәулен Әшімбаевты Сенат Төрағалығына ұсынды
Тоқаев Мәулен Әшімбаевты Сенат Төрағалығына ұсынды
Фото: senate.parlam.kz
1,541
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат Төрағасы  лауазымына Мәулен Әшімбаевтың кандидатурасын ұсынды. «Өздеріңіз білесіздер, менің Жарлығыммен Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев Сенат депутаты болып тағайындалды. Конституцияның 58-бабы 1-тармағына сәйкес,  Сенат Төрағасы лауазымына Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевтың кандидатурасын ұсынамын. Ол бұған дейін осы міндетті абыроймен атқарды. Заң шығару жұмысын жақсы біледі. Мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі мол. Сондықтан оны Сенат Төрағалығына лайықты деп санаймын. Сенаттың қызметі табысты болсын! Баршаңызға амандық тілеймін!»,  – деді ҚР Президенті.