Рудныйда жылу құбыры тағы жарылды
Рудныйда жылу құбыры тағы жарылды
269
оқылды
Рудный қаласында жылу құбыры тағы жарылды. 26 қаңтар күні сағат 14.00 кезінде Рудный қаласы Горняков көшесіндегі диаметрі 530 мм жылу трассасы жарылған. Оны жөндеу кезінде 24 көпқабатты үй, 59 жеке үй және 16 заңды тұлға ғимараттары жылудан ажыратылды. Құбыр жарылған жер анықталды. Жылу желісін қалпына келтіру үшін бүкіл қажетті жұмыс жүргізіліп жатыр.