Елордада 8 жасар қызды қаққан жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен
Елордада 8 жасар қызды қаққан жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен
269
оқылды
Астанада жүргізуші 8 жасар баланы қағып, оқиға орнынан қашып кетті.
Оқиға кеше, 2023 жылғы 25 қаңтарда сағат 12:10-да болған.
"38 жастағы жүргізуші "Ауди" маркалы автокөлігін айдап келе жатып, Қосалқы көшесімен Аманат көшесіне қарай бұрылғанда 8 жасар жаяу жүргіншіні қағып, кварталаралық жолмен қашып кеткен. Жол апатынан кейін жүргізуші қыздың өздігінен тұрғанына көз жеткізіп, оқиға орнынан кетіп қалған. Осы уақытта елорда тұрғыны болған оқиғаға бей-жай қарамай, қызды медицина орталығына апарған, онда оған қажетті көмек беріліп, ата-анасына хабар берілген. Апат салдарынан бала дене жарақатын алды" делінген Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.