Студенттерден пара алған ЖОО оқытушысы ұсталды
Студенттерден пара алған ЖОО оқытушысы ұсталды
Фото: time.kz
2,727
оқылды
Таразда студенттерден пара алған жоғары оқу орнының оқытушысы ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Polisia.kz-тің дерегінше, 20 қаңтарда Жамбыл облысы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері жоғары оқу орнының 46 жастағы оқытушысын ұстады.  Ол қызметтік кабинетінде студенттен 200 мың теңге көлемінде ақша алу кезінде ұсталды.    width= Полицейлер аға оқытушының бұған дейін 4-курс студенттерінен үш айлық тәжірибе мен емтиханнан өткізіп беремін деп әрқайсысынан 50 мың теңге көлемінде ақша талап еткенін анықтады. Ұсталған ер адам кінәсін толық мойындады. Оған қатысты қолхатпен босату туралы бұлтартпау шарасы қолданылды. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 3-тармағымен (Екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу басталды.