Тараз базарындағы өртті сөндіріп жатқан сәттің видеосы пайда болды
Тараз базарындағы өртті сөндіріп жатқан сәттің видеосы пайда болды
401
оқылды
Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы Тараз қаласы №1 Өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі Шухрат Мұртаевтың экшн-камерасына түсірілген видеоны көрсетті, – деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі. Ведомство мәліметінше, өрт 20 қаңтарда "Ақсай" базарының шатыры мен 2-қабаттағы бутигінде болған. Өрт аумағы 1 050 шаршы метр алаңда (жалпы ауданы 2 150 шаршы метр). Өрттен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында 64 өрт сөндіруші мен 17 техника жұмыс істеді. Кадрларда құтқарушылардың күрделі жұмысы көрінеді.