Қазақстанның төрт облысында дауылды ескерту жарияланды
Қазақстанның төрт облысында дауылды ескерту жарияланды
497
оқылды
29 қаңтарда Қазақстанның төрт облысында дауылды ескерту жарияланды.  Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Оралда 30 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі. Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Қызылорда облысының солтүстігінде тұман болады. Түркістан облысының оңтүстігінде тұман түседі. Cиноптиктер сонымен бірге 30 қаңтарда Қостанай, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау,  Атырау,  Ақтөбе, Шымкент, Алматы және Астана қалаларындағы қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы хабарлады.