Кедергісіз келешек: мүгедек балалар мен жасөспірімдерге бейімделген спорт саласы қарқынды дамып келеді
Кедергісіз келешек: мүгедек балалар мен жасөспірімдерге бейімделген спорт саласы қарқынды дамып келеді
©Радмир Фахрутдинов
501
оқылды
Бүгін «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық бірлестігі «AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында «Мүгедектігі бар балалар мен жастарды бейімделген дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық бірлестігі балаларды спортқа бейімдеу жұмыстарын 2017 жылдан бері жүргізіп келеді. Ал «AMANAT» партиясы жанындағы «Кедергісіз келешек» жобасы мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдаумен 15 жылдан бері айналысады. [caption id="attachment_238240" align="alignnone" width="1200"]кедергісіз келешек ©Радмир Фахрутдинов[/caption] Бүгінде партияның және "Samruk - Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық бірлестігі әр өңірде филилдар ашуды қолға алған. Ал қазір бірлестіктің 22 филиалы Қазақстан өңірлерінде жұмыс істеп жатыр. «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық бірлестігінің директоры Нұргүл Ұлжекова мұндай жұмыспен айналысуға себеп болған оқиға жайлы айтып берді.
«2008 жылы мен егіз баланың анасы атандым. Қызым мен ұлым дүниеге келді. Ұлым туғаннан әлсіз болып, денсаулығында кінәрат бары анықталды. Сол күннен бастап мен ерекше баланың анасы атандым. Бұл осы қоғамдық бірлестікті ашуға алып келді. Мен өзім сияқты ата-аналар мен олардың балаларына қолдау көрсетіп, бастарын қоуды көздедім. Себебі ерекше балалардың дене шынығуын, іс-қимылын дамыту аса маңызды. Ерекше балаларды үйрететін, жаттықтыратын кадр тапшылығы мәселесі болатыны да заңды. Бізде ешбір университет ерекше баланы үйрететін маман даярламайды. Спорт пен туризм академиясы 2021 жылдан бері бейімделген дене шынықтыру мұғалімдерді даярлауды бастады. Оған дейін ешкім даярламайтын еді», - деп түсіндірді Ұлжекова.
[caption id="attachment_238242" align="alignnone" width="1200"]кедергісіз келешек ©Радмир Фахрутдинов[/caption] Бірлестік директорының айтуынша, қазір орталықта спорттың 11 түрі бойынша ерекше балаларды шынықтырады.
«Мен ерекше бала тәрбиелеп отырған ата-аналарды бірігуге шақырамын. Біз де қалыпты, қарапайым ата-анамыз. Біз уақыттың жылдам өтіп, артта қалған мүмкіндіктерді қайтаруға болмайтынын түсінеміз. Себебі, ерекше балаларға қолдау дәл қазір қажет. Олардың спортқа, дене шынықтыруға қызығушылығын арттыруға тиіспіз. Сондықтан ел бойынша өңірдегі ата-аналардың бірігіп, балаларының қызығушылығы бойынша секцияларға апарып немесе оны жасақтаудың маңызы өте жоғары», - деді ол.
Нұргүл Ұлжекованың айтуынша, қазір 22 қалада бейімдеу секцияларында әртүрлі спорт түрімен мыңнан астам мүгедек бала мен жас қамтылғанын айтты. Бүгінде мүмкіндігі шектеулі балалар сау балалармен тең дәрежеде бақ сынасып жүр. Дөңгелек үстел барысында оларға каратэден «қоңыр белбеу» табысталды. Белбеу иегерлері арасында Мәскеудегі жарысқа барып, алтын, күміс, қола жүлдегер атанып келгендер де бар. [caption id="attachment_238243" align="alignnone" width="1200"]кедергісіз келешек ©Радмир Фахрутдинов[/caption]
«Біз бірлесіп жұмыс істеген жылдары аз жұмыс атқарылмады. Қазақстандағы бейімдеу спортын дамыту бойынша қоғамдық бірлестік күш-жігерін салып жатыр. Бұл бастама жан-жақты қолдауға да ие болып отыр. 2014 жылдан бастап партия «Кедергісіз келешек» жобасын жүзеге асырып келеді. Біз мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасауға қолдау көрсетіп келеміз. Бұл – өте маңызды мәселе. Себебі бұл мәселе өңірлерде өткір болып отыр. Астанадан басқа өңірлерде қазір орталықтар белсенді жұмыс істеп жатыр. Бейімделу спорт түрінің секцияларын өңірлерде ашу кезінде спорт залдар қолжетімді болмайтын, кедергіге тап боламыз. Сондықтан мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған нысандардың бейімделуі маңызды мәселе болып отыр. Бұл сұраққа партия ерекше назар аударады», - деді AMANAT партиясы өкілі Сәуле Көпбергенова.
[caption id="attachment_238244" align="alignnone" width="1200"]кедергісіз келешек ©Радмир Фахрутдинов[/caption] Партия өкілі бейімдеу спортына барып жүрген балаларды болашақта жұмыспен қамту мәселесі де күн тәртібінде екенін айтып өтті.
«Біз осы бағытты дамыту бойынша жұмыс істеуді жоспарлап отырмыз. Оған қоса балалар мен ересектерді әлеуметтік бейімдеу мәселесі де тұр. «Тең мүмкіндіктер әлемі» жайлы баяндамада осыған дейін өткен фестиваль туралы айтылды. Соңғы екі жылда мұндай іс-шара өткізілмеді. Бірақ біздің жоспарымызда осы жылы оны өңірлерде ұйымдастыру мәселесі көтеріліп отыр. Сондай-ақ ресурстық орталықтың қажеттілігі жоғары. Себебі кадр тапшылығын өзіміз де көріп отырмыз. Бейімдеу спорты бойынша халықаралық конференция өткізуді де қолдаймыз. «Кедергісіз келешек» жобасы аясында біз 15 жыл қатарынан мүмкіндігі шектеулі жандардың конфедерациясымен бірлесіп рухы мықты адамдарды марапаттауға арналған «Жаншуақ» іс-шарасын жыл сайын өткізіп келеміз. Бүгін марапатталған спортшылардың бірі сол құрметке ие болады деп ойлаймын», - деді ол.