Қарағанды облысында абақтыға телефон жасырып өткізбек болған әйелдің қулығы әшкере болды. Бұл туралы Aikyn.kz Патриот Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Видеода әйел телефонды басына таққан әшекейге (ободок – ред.) жасырып кірмек болған. Тексерістен өткенде тыйым салынған ешқандай зат табылмады. Әйел адам тексеру бөлмесінен едел-жедел шығуға асыққан. Осы сәтте тексеруші әйелдің шашына таққан әшекейінен күдіктенген. Тексеруден шыға берісте бақылаушы әйел адамның басындағы әшекейді тексеру керегін ымдап жеткізген. Әшекейдің ішінен Nokia маркалы ұялы телефон шықты. Абақты қызметкерлері телефонды тәркілеп, хаттама толтырды.