Маңғыстаулық азамат өз көлігінде газға уланып қайтыс болды
Маңғыстаулық азамат өз көлігінде газға уланып қайтыс болды
643
оқылды
Маңғыстау облысындағы Бекі ауылында екі жігіт көлікте ұйықтап қалып, біреуі газға уланып көз жұмды. Қайғылы оқиға 2023 жылғы 28 қаңтарда сағат 14.10 шамасында болған.
 Toyota Prado  маркалы көлікте 38 және 40 жастағы ер адамдар ұйықтап қалған. 38 жастағы жігіттің денесі зорлық белгілерінсіз табылды», – деп мәлім етті Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Екінші жігіт ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек Маңғыстау ауданының полиция бөліміне тіркелді. Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Тәртіп сақшылары автокөлік жүргізушілерін қауіпсіздік шараларын ұмытпауға шақырады және оның алдын алу үшін автомобильдің газ шығару жүйесінің дұрыстығын тексеріп отыру қажет екенін ескертеді.