Қарағандыда қоғамдық көлік жаңаратын болды
Қарағандыда қоғамдық көлік жаңаратын болды
270
оқылды
Қарағандыда  тасымалдаушылар үш жыл аралығында қаладағы барлық қоғамдық көлікті жаңартуды мойнына алды. Жаңа техника жаздың басында жеткізіледі. Барлық автобустар Қазақстан зауыттарында құрастырылады. – Жұмыс барлық тасымалдаушылармен жүргізілді. 2019 жылы 79 автобус сатып алынды. Осы жылы 200 автобусты қарастырамыз: 115 үлкен сыйымдылықты және 85 кіші сыйымдылықты. Үшінші автопарк 70 автобус, бесіншісі – 20, екіншісі – 15 автобус сатып алады. Қалғандары басқа тасымалдаушыларға тиесілі, – деді Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров. Тағы 199 автобус 2021 жылы сатып алынады деп жоспарлануда. – Тұрғындар әлеуметтік желілерге маршруттық шағын автобустардан қара түтін шығып жатқан бейнелерді салады. Ескірген көліктен тезірек арылу керек. Сіздер осы жылы автопарктеріңіздің 50% ауыстыруға міндеттісіздер. Біз сіздерге бұл үшін барлық жағдайды жасаймыз, –  деді Жеңіс Қасымбек автопарктердің басшыларына. Облыс әкімі сондай-ақ автобустардың бір түсті гаммада сатып алынуын бақылауды тапсырды. Автопарк басшылары көлік сатып алуды «БРК «Лизинг» АҚ тетіктері арқылы жүзеге асырады. Ләззат Қожахметова, Қарағанды облысы