«Жоғары жалақы, баспана, баласына интернат ашып берсек те, мал бақпай жұмыстан қашып кетеді» – шопан тапшылығын айтты
«Жоғары жалақы, баспана, баласына интернат ашып берсек те, мал бақпай жұмыстан қашып кетеді» – шопан тапшылығын айтты
Фото: Интернеттен алынды
208
оқылды
Жамбыл облысына Бердібек Сапарбаев әкім болып келгелі кеңестік  жиындардың кескіні мен басқосулардың бағдары өзгерді. Тіпті қазір қара халық аймақ басшысының әрбір сөзін аңдитын күйге түскен. Себебі Бердібек Машбекұлы бұқара ойын дөп басып ғана қоймай, арасында әкім-қараларды қалжынмен де қағытып алуда.  Мәселен, кеше аграрлық сала мамандарымен кездескен облыс әкімі «Түркмен Агро» ЖШС-ның басшысы Бауыржан Әбілдаевтың жер мәселесіне қатысты Шу ауданы әкімдігіне қатысты айтқан шағымын аймақ басшысы әзілмен ұштастырды. «Серіктестік дұрыс мәселе көтеріп отыр. 2018 жылдан бері конкурс негізінде ұтып алған жерін  аудан әкімдігі неге  бермей отыр? Осыдан кейін инвесторлар қалай ғана өңірге қаржы  құяды?  Содан кейін аудан әкіміне ескертетінім, осы жиыннан кейін серіктік басшысын шақырып алып, қысып жүрмеңіздер. Ондай «әдістің» барын мен жақсы білемін. Егер Бауыржан саған тисетін болса, маған келіп айт», –  деп елді ду күлдірді. Әрине, бұл әзілдің астарында үлкен зіл жатқаны белгілі. Ал Еңбек Ері, «Шәушен» шаруа қожалығының жетекшісі  Сайранбай Дөненбаевтың сыны жауапты мамандардың жон терісіне шоқ басқандай болды.    width= – Бүгінде қожалықтарға жұмыс күші жетіспейді. Малшылардың жалақысы, тұрғын үйі, балаларын оқытатын интернат ашып  берсек те, олар жұмыстан қашады. Техниканың тілін білетін мамандар да тапшы. Содан көлікті әркім айдағаннан кейін жыл өтпей тозығы жетуде. Жергілікті жердегі жастарды жұмысқа тартайын десең, олардың да құлығы жоқ. Неге осы жастармен ауыл әкімі жұмыс істемейді? Шынымды айтсам, қазір ауыл әкімінің түрін ұмытып қалдым? Соңғы үш жылда бір көрмедім. Шаруалардың жағдайын бір келіп білмейді. Мұндай әкім қалай ғана ауылды көркейтсін?, – деп Еңбек Ері ауыл әкімінің жұмысын сөзбен түйреп өтті. Бердібек Машбекұлы бұл сынның өте өзекті екенін айтты. Және ауыл әкімдерінің жұмысына өзінің де көңілі толмайтынын жеткізді. Сондай-ақ Қордайдағы жағдайдың бір ұшы осы әкімдердің жұмысының салғырттығынан туындап отырғанын баса айтты. Саятхан Сатылған, Жамбыл облысы