Түркістан облысында су басқан аумақтан 150-ден аса адам эвакуацияланды
Түркістан облысында су басқан аумақтан 150-ден аса адам эвакуацияланды
369
оқылды
Түркістан облысында ТЖД күшімен су басқан аула аумақтарынан 154 адам эвакуацияланды. Эвакуацияланған адамдар туыстарының үйлеріне кетті. Мәлімет бойынша, 300-ден астам адам, 50-ден астам техника, 25 мотопомпа суды сорып шығару және ағызу жұмыстарына жұмылдырылды. Өңірге министр Юрий Ильин ұшып шықпақ.  width=
"Халықты эвакуациялау және уақытша орналастыру үшін Сауран ауданында 4 эвакуациялық пункт дайындалды. Жергілікті атқарушы органдардың күштерімен үйлерді су басуға жол бермеу мақсатында 2500 бірлік көлемінде құм салынған қап төсеу жұмыстары жүргізілуде. Майдантал ауылында каналдарды өткізу арқылы суды бұру және ағызу бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде аула учаскелерін су басуына жол берілмеді. Облыстық маңызы бар 11 автомобиль жолының 23 учаскесінде жол төсемін су шайды. Ордабасы ауданындағы «Найман» және «Құртай» суару каналдарында су деңгейінің көтерілуі тіркелді, қазіргі уақытта суды Арыс өзеніне ағызу жұмыстары жүргізілуде. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Жауын-шашын тоқтады, бірақ су ағыны жалғасуда" делінген ТЖМ хабарламасында.
 width=