Алматыда полицейлер қар жинаған кәсіпкерлерді заңсыз жауапқа тартқан
Алматыда полицейлер қар жинаған кәсіпкерлерді заңсыз жауапқа тартқан
Фото: Алматы ТЖД баспасөз қызметі
431
оқылды
Алматыда жазықсыз кәсіпкерге полицейлер айыппұл салған, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Алматы қалалық прокуратурасының мобильді тобы Алмалы ауданының жергілікті полицейлердің бизнес субъектілерін заңсыз әкімшілік жауапқа тарту фактілерін анықтады. Прокуратураның мәліметінше, кәсіпкерлер ҚР ӘҚБК-нің 505-бабы бойынша өз аумағында қар жинап, сақтағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылған. Дегенмен, Алматы қаласының аумағын абаттандыру ережесінің 88-тармағына сәйкес, аула аумақтарынан және кварталішілік өтпе жолдардан күрелген қарды, жаяу жүргіншілердің еркін жүруіне және автокөліктің қозғалысына кедергі келтірмейтін орында жинауға рұқсат етіледі. Осы фактілер бойынша прокуратура шұғыл материалдарды зерттеп, кәсіпкерлерге қатысты әкімшілік материалдар бойынша прокурорлық акт  толтырды.