«Ішіңдегі баланы кесіп, қолыңа ұстатамын»: әйелі мен қызын пышақтаған мектеп директорына қатысты тың мәлімет шықты
«Ішіңдегі баланы кесіп, қолыңа ұстатамын»: әйелі мен қызын пышақтаған мектеп директорына қатысты тың мәлімет шықты
© Pexels/ Sora Shimazaki
10,299
оқылды
Ақтөбеде мектеп директоры әйелі мен өгей қызын пышақтаған. Жұртты дүр сілкіндірген оқиғаға қатысты сот отырысы басталды, – деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.  Телеарнаның хабарлауынша, бұл оқиға былтыр қазан айында Шалқар ауданы Аққайтым ауылында болды. Қылмыстық іс материалдарына жүгінсек, отағасы сол күні Ұстаздар күнін тойлап, үйге мас болып келген. Әйелі төсекті балалар бөлмесіне салғаны үшін ұрыс шығарған. Ақыры айғай-шуға ұласып, жүкті келіншегіне екі жерден, ал қызына құлақ-шекесіне пышақ жарақатын салған.
«Сендерді өлтіремін, екеуіңнің басыңды шауып, әкелеріңнің алдына апарып беремін. Керек болса, ішіңдегі баланы кесіп алып, кіндігімен қоса қолыңа ұстатамын» деген ауыр сөздер айтып, сол қолында ұстаған пышағын әйелге қарай бағыттап сермеп, оң жақ кеуде тұсын кесіп, сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, жеңіл дәрежелі, жүзі өткір кесетін заттың, яғни пышақ жарақатын салған», – деді Облыстық прокуратураның басқарма прокуроры Арман Қоңырбаев.
Күдікті артынша есін жинап, өзінің анасына және інісіне хабарласып, болған жайды айтқан. Мектеп директоры дереу қамауға алынды. Оған екі бірдей бап бойынша айып тағылып отыр. Бірақ күдіктінің қорғаушылары бұл ауыр жаза деп есептемейді. Сот қорғаушының өтінішін қанағаттандырмады. Жәбірленушінің өзі сотта болған жоқ. Өйткені босанғалы отыр екен. Соттың келесі отырысы 9 ақпанда өтеді,