Еліміз тарихи өзгерістер дәуіріне қадам басты. Осынау тәуекелдер кезеңінде «AMANAT» партияcының жауапкершілігі еселене түсті. Ендігі міндет – Президенттің Жолдауынан туған міндеттер мен сайлауалды бағдарламасын жүйелі түрде жүзеге асыру, «АМАNАТ» үшін сапалы жаңғыру кезеңі басталды. Мемлекет басшысының 3 тарау, 18 бағыттан тұратын сайлауалды тұғырнамасында ел дамуының негізгі бағыттары нақтыланып, қоғамда қордаланған мәселелерді шешу жолдары белгіленген. Президент сайлауындағы халық сенімі бізге аманат жүгінің жеңіл болмайтынын дәлелдеді. Тарихи жауапкершілік деген ұғым әлі де таразыда тұр. Қысқасы, «Әділетті Қазақстан» құру жолындағы саяси реформаларды жүзеге асыруда белсенді іс-қимыл танытуымыз керек. Өткен жыл партияның жандану және адамдардың партияға деген көзқарасын өзгерту жылы болғаны анық. Бұл орайда «АМАNАТ» партиясы басты қозғаушы күші ретінде бастауыш партия ұйымдарына сенім артады. Қарағанды облысында партияның 33 мыңнан астам мүшесі 270 бастауыш ұйымына біріккен. 2022 жылы өңірде партия қатарына 2 215 адам мүшелікке өтті. Халықпен барлық жұмыс бастауыш ұйымдар арқылы жүргізіледі. Яғни, «АМАNАТ» партиясы бастауыш партия ұйымдарының сапалы жұмысы арқылы халықтық сипатқа ие болып отыр. Барлық идея сол жерде, бастауыш партия ұйымдарының жиналыстарында, партия филиалдарының конференцияларында туындайды. Онда талдау жүргізіледі, құрамы қалыптасады, жоспарлар құрылады және жүзеге асады. Партияның жергілікті жерлердегі өмірі – мұның бәрі бастауыш ұйымдар. Сондықтан бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жандандыру маңызды. Облыстық филиал «Жер аманаты» және «Ауыл аманаты» жобаларын іске асыруға да атсалысты. Өңірде ауыл әкімдерінің оқуы ұйымдастырылды. Ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды пайдалануға бақылау күшейтілді. «Жер аманаты» жобасы аясында облысымызда 1 млн 232 мың гектар ауыл шаруашылық жері қайтарылды. Бұл мақсаттағы ашық әрі белсенді жұмыстарымызға ауыл халқы, шаруалар ризашылық білдіріп жатыр. Қарағанды облысындағы партия филиалдарының жанында 77 Қоғамдық кеңес жұмыс істейді. Оның ішінде 9 облыстық және 68 аймақтық кеңес бар. 2022 жылы кеңес 385 отырыс өткізіліп, 495 мәселе қаралды, 868 ұсыныс әзірленді. Мұның барлығы тек уақыт өткізуге бағытталған жиындар емес, жүйелі іс пен нақты шешімдер алаңы болғанын айтқым келеді. Былтыр партия филиалдарының қоғамдық қабылдауларына 3 мыңға жуық азаматтан өтініш келіп түсті. Олар негізінен әлеуметтік мәселелерге қатысты. Өтініштердің 70 пайызы сол жерде шешілді, қалғандары жергілікті атқарушы билік органдарына жолданды және партияның бақылауында. Партия үшін дәл қазір партияның жергілікті жердегі сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру. Партияның Қарағанды облысының сайлауалды бағдарламасы аясында кеншілер қаласында Yutong автобустары мен QazTehna ЖШС арнайы техника өндірісі іске қосылып, 404 жұмыс орны құрылды. Жалпы сомасы 14,1 миллиард теңге болатын 291 бірлік техника шығарылды. Облыс орталығында «Технодом» сауда үйі ашылып, 60 жаңа жұмыс орны құрылды. Абай ауданы Дубовка ауылында 1 мың басқа арналған бордақылау алаңы салынды. Жаңа агроөнеркәсіптік кешенде жылына 100 тонна ет өндіріледі. Қарағанды қаласының 11-шағынауданында 600 балаға арналған мектеп пен балаларға арналған 28 спорт алаңы орнатылды, Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылында 100 орындық спорттық-сауықтыру кешені ашылды, 12 ауылдық округте жасанды жабыны бар футбол алаңдары орнатылды. Мұның барлығы жергілікті әкімдіктермен бірлесе отырып, халық игілігі үшін атқарылған жұмыстардың бір парасы ғана. Партия филиалдары мемлекет қаражатын мақсатты және тиімді пайдалануға қоғамдық бақылау да жүргізеді. Филиал «Жастар рухы» жастар қанатымен бірлесіп, өңірде жастар саясатына серпін беріп келеді. Қатарында 6 мыңнан астам жастар бар өңірдегі ең ірі жастар ұйымның бастамасымен жыл басынан бері жалпы саны 5 мыңнан астам адамды қамтитын 66 іс-шара өткізілді. Жастарды қолдау жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңестің 3 отырысы өткізілді. Отырыстардың күн тәртібінде жастарды алаңдататын өзекті мәселелер қаралды.
Бекзат АЛТЫНБЕКОВ, «АМАNАТ» партиясы Қарағанды облыстық филиалының төрағасы