Жалған дауыс жарға жығады
Жалған дауыс жарға жығады
373
оқылды
Әнші фонограммамен ән айтатын болса, ол ту­ра­лы билет сатылмай тұрып, жарнама беретін кез­де ескертетін болды. Бұл ереже қолданыстағы Мәдениет туралы заңға енгізілмек. Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Күміс Сейітова әзірге жұмыс тобы құрылғанын жеткізді. «Бұл – таңдау құқығы үшін жасалмақ. Ереже билет бағасына міндетті түрде әсер етеді. Жеке басым, фонограммамен өтетін концертке билетті қымбатқа сатып алмас едім», – дейді директор. Министрлік өкілінің байламына сенсек, мұндай тәжірибе өзге елдерде де бар екен. Тіпті, фонограммаға да мүлдем тыйым салынған кездер болыпты. Бұл қызмет түрінің ли­цензияланған да тәжірибесі бар. Ал Сейітованың ай­туынша, фонограмма туралы әншілердің барлығы хабар­лауға міндетті. «Заңнама еліміздің аумағында қолданылады. Ереже қабылдаған жағдайда кез келген шетелдік, қазақстандық әртіс заң шеңберінде жұмыс істейді. Бұл норма әлі қабылданған жоқ, бірақ оны депутаттар қолдап отыр. Басқа мемлекеттік органдар тарапынан наразылық болған жоқ» дейді. Бұған дейін фонограммаға тыйым салу туралы да сөз болған. Бірақ министрлік бұған дайын емес секілді. «Уақыт өте келе енгізіп көруге тырысамыз. Фонограмманы мүлдем қолданбау үшін жабдықталған концерт залдары қажет, бірақ қазір олар тек республикалық деңгейде бар. Өңірлік деңгейде бәрі дайын емес болуы мүмкін. Осы мәселе әлі де талқыланып жатыр», – деді Күміс Сейітова.

 width=

Фонограммамен ән айту – көрерменді алдау

Министрлік жаңа ереже ән­ші­­лерге де, концерттерге де оң әсерін тигізеді деп санайды. Атал­ған ведомство өкілдері «тірі кон­церт беру – орындаушының өзіне әлде­қайда қымбат шығатынын, сондықтан тыйым салуға әлі ерте екенін» айтады. Осыдан екі жыл бұрын сена­тор Сәрсенбай Еңсегенов Пар­ла­мент мінберінде мәселе көте­ріп, «фо­нограмманы магнитофон не­­месе дискісін сатып алып та тың­­­даймын. Концертке бар­ған­­да өнер адамының бет-бей­­­­­­несін көруге емес, жанды да­­­уы­­сын тыңдауға барамын. Фо­­но­­­­­граммасыз өнер көрсету – өн­ер адам­дарының шынайы кес­­кін-кел­бетін де аша түсер еді» деп мәселе көтерді. Сол кез­дегі Мә­дениет министрі Арыс­­­­тан­бек Мұхамедиұлы: «Әр кон­­­­­­церт ұйымдастырушыға ми­­нис­тр­­­­лік лицензия беруі ке­рек. Бі­­­рақ бізде ол заңда көр­се­­тіл­ме­­ген. Біз лицензияға дү­ние­жү­­зін­­дегідей көшпегенше, бұл ше­шілмейді. Қазір кез келген аза­­мат концерт ұйымдастыра ала­­ды. Егер лицензия болса, біз «ай­на­­­лайындар, заңды бұздыңыз, ли­цен­зияңыз жойылады» деп нақ­ты айта аламыз. Сонда ол кон­церт ұйымдастыра алмайды» деп жауап берген еді. Ақтоты Райымқұлова Мәде­ниет министрінің тізгінін қол­ға ал­ғаннан кейін жас өнер­­паз­­дар­мен кездесуінде: «Фонограм­ма­­ның түрі көп. Біздің министрлік­тің көзқарасы: өнер таза болуы ке­рек және эстрадада жанды да­уыс­пен айтылуы керек», – деді. Енді фонограммамен ән айта­тын болса, билет сатылмай тұрып, жар­намада ескертілуі тиіс деген ере­же енгізіліп отыр. Бұл ереже ән­ші­лердің фонограммамен ай­туы­на шектеу қоя ала ма? «Фоно­грам­­мамен ән айтамын, кон­цер­ті­ме келіңіздер» деп әнші қалай «жарнама» жасайды?    width=

Есте қалар есті ән

Белгілі әнші Ерлан Төлеутай «бұл ереже фонограммамен ән салуға тыйым емес» деген пікірді алға тартады. «Фонограммамен ән шырқаймын» десе, кім не дейді дейсің. Ел күледі де қояды. Бұл – фонограммадан құтылудың жолы емес. Көңілімізге үміт сәу­лесі ұялағандай болып еді. Фо­нограммаға толық тыйым салын­бай, ештеңе өзгермейді. Қазір әншілердің кейбірі лоте­рея ойнатып кетті. Мүмкін, фо­но­граммамен ән айтып, тың­­­дар­ман­ға өткізе алмағасын осын­­дай «оңай» жолын таңдаған шығар. Үкімет тыйым салмай-ақ, бұрынғыдай емес, көрерменнің сауаты жоғарылаған. Бұрынғыдай көрермен толтыратын «концерт» өтіп жатқан жоқ. Өзбектер өнер­паз­дарын лицензиялап жатыр. Егер әнші плагиаттық жасаса, ли­цензиясын алып қояды. Қазір өнерде «плагиат» көбейді. Ше­т­ел­дік музыканы ұрлап, қазақ­ша сөз жазады. Ән мәтіні тура­лы әңгіме бір бөлек. Қазір есті ән, есті сөз қалмай бара жа­тыр. Ең қор­қыныштысы – бүтін бір буынды осындай әндер тәрбие­леп келеді. Бұрын қандай еді? «Әбіш Кекілбаевтың жақсы бір по­весі дүниеге келіпті», «Мұх­­тар Ма­ғауиннің әңгімесі шығып­ты» деп, сол шыққан жаңа туын­ды­­ны іздеп жүріп оқитын едік. Қазір екінің бірінің аузында «Қа­­лаулым». Ондай адамдардан қан­дай есті сөз күтесіз?» дейді. Ал әнші Досымжан Таңата­ров жеке концерттерін жанды да­уыс­пен өткізіп жүргенін айта­ды. «Соңғы кездері шығармашылық кештің бәрі жанды дауыста өтіп жүр. Олар сахнада фонограм­ма­мен ән салған жоқ. Сондықтан бұл ереженің бекітілуі орынды деп санаймын. Жалпы, үлкен сах­н­ада үлкен оркестрмен ән айту кез келген әншіге оңай емес. Ол қыруар қаржыны талап ете­ді. Яғ­ни, әншіге мұндай кон­церт­тер өте қымбатқа түседі. Мәселен, маған бұлай жанды да­уыс­пен ән айту қиын емес. Өмір­­бойы оркестрде ән айтып жүр­­­гендіктен, қатты салмақ түсе қой­­майды. Кейбір жобаларда әншілерге фонограммамен шығу­ға тура келеді. Сол себепті оларға да фонограммамен ән айттың деп кінә артуға болмас» дейді. Фонограмманың да күні өтіп барады. Өйткені ТМД елдерінде бұл мәселе әлдеқашан шешіліп қойған. Түркіменстанда заң бо­йын­ша әншілер концерттерде, мере­келік кештерде жанды да­уыс­та ғана ән шырқауы керек. Мол­довада ресми концерттерде фонограммамен ән айтуға тыйым салынған. Әзірбайжан елі де бұл мә­селеге баяғыда заң шығарып, нүк­те қойған. Әзірбайжан эс­тра­­­дасының даму қарқыны жо­ғары болса, бұл да осы заңның арқасы. Көрші Қытай елінде фонограммамен ән салуға қатаң тыйым салынған. Егер әнші фо­но­­­грамманы пайдаланар болса, 20 000 доллар айыппұл төлейді, не болмаса өмір бойына әншілік ли­­цензиясынан айырылады. Сол себепті Қазақстанға да осындай заң керек. Әзірге Мәдениет тура­лы заңға жаңа ереже енгізілді. Осы ереженің негізінде әншілер фо­нограммамен ән айтатынын ал­дын ала ескертіп отыратын бол­ды.  

P.S.

 

Мәдениет және спорт ми­нистр­лігінің басшылығымен жа­қын­да төрт бірдей орталық ашыл­ды. Олар мұражай, кітапхана, театр және концерт салаларын қам­тиды. Бұл орталықтардың жұ­мы­сын министрлікке қарасты Мә­де­ниет және өнер депар­та­­­менті қадағалап, концерттік ша­раларды да ретке келтіретін бо­лады. Сонда ән­шілер де фоно­грам­мамен ән айтып, көрерменді ал­дай алмас еді.

   width=Гүлзина БЕКТАС