Қызылорда облысында мұнай компаниясының екі қызметкері белгісіз заттан уланып қайтыс болды
Қызылорда облысында мұнай компаниясының екі қызметкері белгісіз заттан уланып қайтыс болды
Фото: kazlenta.kz
1,516
оқылды
Қызылорда облысында «Казспекторстрой» ЖШС-нің екі қызметкері белгісіз заттан улану салдарынан қайтыс болды, – деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметі. Оқиға 3 ақпанда Қызылорда облысында «Саутс-ойл» ЖШС-нің қосалқы мердігері «Казспекторстрой» ЖШС-де болды.
«Серіктестікте еңбек ететін екі қызметкер алдын ала мәліметтерге сәйкес «белгісіз заттан улану салдарынан туындаған жүрек жетіспеушілігі» салдарынан қайтыс болды деген диагноз қойылды. Қаза болу дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабымен қылмыстық іс тіркелді. Онда санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу жағдайы көрсетілген. Бұл бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.