Оралда жантүршігерлік жол апатының видеосы пайда болды
Оралда жантүршігерлік жол апатының видеосы пайда болды
Оралда жол апатынан жүргізуші қайтыс болды, деп хабарлайды Polisia.kz. 5 ақпан сағат 02:30 шамасында Орал қаласы Әбілқайырхан даңғылында Toyota Camry автокөлігін тізгіндеген 28 жастағы жүргізуші 33 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Ауди-80 автокөлігіне соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Audi жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. 2003 жылғы Toyota жүргізушісі мен жолаушы ауруханаға жеткізілді. Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.