Бүгін 4 пайызбен автонесие алуға өтінім қабылдау басталды. Бірақ платформа іске қосылған алғашқы минутта-ақ autonesie.kz сайтына 125 мың адам кіріп, өтінім берген. Бұл туралы «Өнеркәсіпті дамыту қоры» хабарлады. Платформа жұмысын бастаған алғашқы 18 секундтың ішінде 761 адам өтінім берді. Өтінім қабылдау сағат 10:00-де басталды. Бір минутта сайтқа 125 мың адам кірді. Autonesie.kz өтінімдерді қабылдады. Лимитке жеткеннен кейін өтінімдерді қабылдау автоматты түрде аяқталды. «Өтініш беру» функциясы тоқтатылды. Бұған дейін автонесие шарттары туралы жазған болатынбыз.