Түркияда қаза тапқандар саны 912 адамға жетті

Түркияда қаза тапқандар саны 912 адамға жетті
Фото: Depo Photos/Keystone Press Agency/Global Look Press

Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 912 адамға жетті, – деп хабарлайды Halyq Uni.

Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған мәлімдеді.

– Жер сілкінісінен 912 отандасымыз қаза тапты, 5 385 отандасымыз жарақат алды. Үйінді астынан 2 470 адам құтқарылды. 2 818 ғимарат қирады, – деді Ердоған.

Ердоған 45 елдің көмек ұсынғанын айтты.

Айта кетейік, Түркияның оңтүстік-шығысындағы Газиантеп провинциясында 6,4-6,6 магнитудалы, кейін 7,4 магнитудалы жер сілкінісі болған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның оңтүстік-шығысында көптеген адам шығынына әкеп соқтырған жер сілкінісіне байланысты осы елдің басшысы Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады.

Сондай-ақ жақын арада Түркия Үкіметінің өтініші бойынша зардап шеккен өңірлерге қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер ұшады.

Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен қаза болғандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.