Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті жеке және заңды тұлғаларға электронды салық төлеуші ретінде тіркелу кілтін беру рәсімін тоқтатқанын хабарлады.
«Қазақстандықтар Ұлттық куәландырушы орталықтың электронды цифрлы қолтаңбасын «Электронды Үкімет» порталынан немесе тұрғылықты мекенжайы бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алады. Ал бұған дейін берілген ҚР ҚМ МКК электронды салық төлеуші ретінде тіркелу кілті жарамсыз деп танылады» делінген хабарламада.
Сонымен қатар Ұлттық куәландырушы орталық жеке және заңды тұлғаларға, ҚР резиденті емес тұлғаларға электронды цифрлы қолтаңба мен SSL техникалық сертификатын береді.
Айта кетейік, ЭЦҚ барлық мемлекеттік қызметкерлерге табысы мен мүлкі декларациясын тапсыру үшін қажет.